Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен 50 жастан асқан өнерпаздар арасында «Алматыны аяла» байқауы өтеді!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен 50 жастан асқан өнерпаздар арасында «Алматыны аяла» байқауы өтеді!

ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:

* Жасы 50 жастан асқан тұлғалар;
* Қатысушы кәсіби емес, әуесқой өнерпаз болуы тиіс;
* Ән – жеке, дуэт, трио;
* Күй – жеке және ансамбльмен;
* Би бағыттары бойынша (ұлттық, заманауи және т.б.) қатысуға болады;
* Байқауға ұсынылатын бейнематериалдың ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.

АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ:

28 тамыз күні аудандық іріктеу кезеңі өтеді. Іріктеу қорытындысы бойынша үздік өнерпаздар қалалық байқауға жолдама алады.

Осыған байланысты қатысушылар 28 тамызға дейін сапалы түсірілген бейнематериалды толық жеке ақпараттарымен бірге жолдауы қажет.

ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:

🥇 I орын – 3 000 000 теңге
🥈 II орын – 2 000 000 теңге
🥉 III орын – 1 000 000 теңге

Сонымен қатар басқа да бағалы сыйлықтар қарастырылған.

ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢ:

Қалалық байқау «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.

ҚАТЫСУ ТЕГІН!

Бейнематериалды толық жеке ақпараттарыңызбен бірге мына нөмірге жолдаңыз:
8 776 190 21 12
Өнеріңізді көрсетіп, Алматыға деген сүйіспеншілігіңізді бірге жеткізейік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1279474?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді