Алматыда Ұлттық ұланның заманауи әскери қалашығы бой көтереді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауқымды нысан «Самғау» ықшам ауданында орналасқан және шамамен 27 гектар аумақты қамтиды. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Нысанның құрылыс барысын Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков тексерді. Жұмыс барысымен танысу кезінде қалашықта қарастырылған негізгі нысандардың құрылысына басымдық беріліп жатқаны белгілі болды.

Жаңа әскери қалашық толыққанды инфрақұрылымы бар кешен ретінде салынады. Мұнда Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне арналған әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлер бой көтереді. Сонымен қатар әскери техникаларды орналастыруға арналған арнайы тұрақтар мен қажетті қоймалар салынады.

Аумақта кинологиялық қалашық та қарастырылған. Бұл қызметтік иттерді ұстауға, үйретуге және кинологиялық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, қалашықта инженерлік құрылыстар мен барлық қажетті коммуникациялар жүргізіледі.

Яғни жаңа нысан тек әскери бөлімнің орналасатын орны емес, қызмет атқаруға, тұруға және күнделікті әскери міндеттерді орындауға қажетті жағдайдың барлығын қамтитын тұтас әскери инфрақұрылымға айналмақ.

Құрылыс жұмыстарының қарқыны жоғары. Жоспарға сәйкес, Алматыдағы жаңа әскери қалашықтың құрылысын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Ұлттық ұланның Алматыдағы материалдық-техникалық базасын нығайтып, әскери қызметшілер үшін заманауи жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1279327?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді