
Ақмола облысының прокуратурасы есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау және мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Облыс прокуратурасының бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 17.08.2026 ж. Полиция департаменті Целиноград ауданында синтетикалық есірткілерді өндіретін кезекті зертхананың қызметін тоқтатты.
Тінту барысында жарты киллограмнан астам дайын өнім, химиялық прекурсорлар, тыйым салынған заттарды дайындауға арналған әртүрлі зертханалық жабдықтар табылды.
Тізімдегі заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жыл басынан бастап құқық қорғау және арнайы органдардың бірлескен күшімен облыс аумағында 432 килограммнан астам есірткі тәркіленді, синтетика дайындайтын 3 есірткі зертханасы, 18 фитозертхана және есірткі жеткізудің 5 арнасы жойылды.
Нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасуда.
Прокуратура есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысу қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1279565?lang=ru

Жауап қалдыру