
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жаңаөзен қаласының арнайы мақсаттағы жасағы және криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, бопсалауға күдікті 31 жастағы ер адамды ұстады.
Іс материалдарына сәйкес, күдікті басқа да адамдармен бірге жәбірленушіге күш қолданып, қорқыту арқылы одан 200 мың теңге иемденген. Кейін ер адамнан «қорғау және қамқорлық» үшін ай сайын 100 мың теңгеден беріп тұруды талап еткен. Уақыт өте келе талап етілген сома 500 мың теңгеге дейін өскен.
Жәбірленушінің полицияға жүгінуінен кейін күдікті ұсталды. Одан 60 мың теңге көлеміндегі арнайы белгі қойылған ақша қаражаты анықталып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынып, тергеу изоляторына қамалды.
Тергеу жалғасып жатыр.
https://polisia.kz/ru/podozrevaemyj-v-vymogatel-stve-deneg-zaderzhan-v-mangistauskoj-oblasti/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1279678?lang=ru

Жауап қалдыру