
Ақтау қаласының 31А, 31Б, 32А және 32Б шағын аудандарына дейінгі автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан аталған шағын аудандардың қиылысына дейінгі жол бөлігінде фрезерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы күндері бұл учаскеге жаңа асфальт жабындысын төсеу жоспарлануда.
– Жөндеу жұмыстарына байланысты автомобиль жолының кейбір бөліктері кезең-кезеңімен уақытша жабылатын болады, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Исматулла Адай.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы уақытша өзгерістерге түсіністікпен қарап, қозғалыс кезінде мұқият болуды сұраймыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1279499?lang=ru

Жауап қалдыру