
Аса қауіпті инфекциялардың, оның ішінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселелері бойынша семинар
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына арналған облыстық семинар өтті.
Семинар барысында Қазақстан Республикасындағы және облыстағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, аса қауіпті инфекциялардың алдын алу және олардың таралуына жол бермеу мәселелері, сондай-ақ күдікті жағдайлар анықталған кездегі қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмдері талқыланды.
Медициналық ұйымдардың профилактикалық іс-шараларды жүргізуге дайындығына ерекше назар аударылды.
Денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) клиникалық түрлері, диагностикасы және емделуі туралы баяндады. Сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығының мамандары аурудың зертханалық диагностикасы мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.
Семинар қорытындысында уақтылы ден қоюды қамтамасыз ету және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтау мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1279898?lang=ru

Жауап қалдыру