Бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 25 тамызында Э.Б. Алмаганбетованың төрағалығымен бюджет және аудан экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

   2026 жылдың I-жартыжылдығында (4 деңгей)  аудан, ауыл және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылу барысы туралы мәселелер қаралды. 

    Отырыс жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Н.С. Болатов, қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.М. Талапова, Киров және Новопокровка ауылдық округтерінің әкімдері және аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

     Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша қаржы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушының,  ауылдық округ әкімдерінің есептерін тыңдап, қарады. Баяндамашылар өз сөзінде 2026 жылдың I-жартыжылдығындағы бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы және қаржы кезеңінің басындағы бюджет қаражатының бос қалдығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Депутаттардың сұрақтарына тиісті түсініктемелер алынып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ұсынымдар берілді.

    Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1279775?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді