
Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Мәдина Қуандық облыстық «Ertis» телеарнасының «1 студия» бағдарламасына қатысып, «Иммундаудың өзекті мәселелері» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында күзгі кезең қарсаңындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, маусымдық инфекциялардың алдын алу шаралары, вакцинацияның маңыздылығы, Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесін сақтау, сондай-ақ вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар халық арасында иммундау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің және профилактикалық шараларды уақтылы сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1279902?lang=ru

Жауап қалдыру