Испанияға бара жатқан жолда адасқан қытайлық саяхатшыларға жамбылдық полицейлер көмектесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Испанияға бара жатқан жолда адасқан қытайлық саяхатшыларға жамбылдық полицейлер көмектесті

🚔 Жамбыл облысының Талас ауданында түнгі уақытта жолдан адасып, көлігінің дөңгелегі жарылған қытайлық үш саяхатшы полиция қызметкерлерінен көмек сұрады.

🕓 Оқиға түнгі сағат 03:55 шамасында болған. Испанияға автокөлікпен сапар шегіп бара жатқан шетелдіктер бағыттан жаңылып, жол үстінде қиын жағдайға тап болған.

👮‍♂️ Полиция қызметкерлері саяхатшылардың қауіпсіздігіне көз жеткізіп, оларға жылы шай мен тамақ ұсынып, жағдайларын жасады. Сонымен қатар, эвакуатор шақыртып, ақаулы көлікті жөндеу орталығына жеткізуге көмектесті.

🔧 Жөндеу орталығында көліктің жарылған дөңгелектері жаңартылып, полиция қызметкерлері шетелдіктерге әрі қарай жүретін бағытын нақтылап берді.

🤝 Көрсетілген қамқорлық пен жедел көмекке ризашылығын білдірген қытайлық саяхатшылар Жамбыл полициясына алғыстарын айтып, сапарларын жалғастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1279324?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді