КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмахановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Жиында 2026 жылдың 7 айында жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, жастарды қолдау, жұмыспен қамту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру бағыттарында жүргізілген жұмыс барысы қаралды. Бұл бағыттағы жұмысты Отырар ауданының ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Айсұлтан Оралхан баяндады.
Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған жайсыз отбасыларды әлеуметтендіруде Отбасын қолдау орталықтарының рөлі мен олардың жанынан құрылған мобильді топтардың атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Бұл мәселе бойынша «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің басшысы Нұржан Сеңгірбеков хабарлады.
Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасып, нақты ұсыныстар енгізді. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы кешенді шараларды жалғастыру, білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы өзара байланысты күшейту, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shilik/press/news/details/1279764?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді