
1 шілдеден бастап елімізде отбасына орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы институты жұмыс істей бастады. Кәсіби қабылдаушы отбасы – бұл балаларды отбасына орналастырудың уақытша түрі, оның мақсаты – әр балаға қауіпсіз үй жағдайын жасап, жеке көңіл мен қамқорлықты қамтамасыз ету. Бұл бағытта әрбір кәсіби қабылдаушы отбасы 4 балаға дейін қабылдай алады. Үміткерлер міндетті түрде арнайы дайындықтан өтуі тиіс. Оқыту жетім балаларға арналған мемлекеттік мекемелерде және балаларды отбасына қабылдағысы келетін адамдарды оқытуға құқығы бар аккредиттелген ұйымдарда ұйымдастырылады. Оқу аяқталған соң және құжаттар тексерілгеннен кейін, отбасын тағайындау туралы соңғы шешімді қорғаншылық және қамқоршылық органдары қабылдайды. Өз кезегінде мемлекет әрбір баланы асырауға арналған ай сайынғы төлем беріп, қабылдаушы ата-ананың тәрбиеші ретіндегі еңбекақысын төлеу сияқты кепілдіктерді қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1279517?lang=ru

Жауап қалдыру