
2026 жылғы 24 тамызда Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторовичтің төрағалығымен сегізінші шақырылған мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия барысында «Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 73 «Қостанай облысы Денисов ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе қаралды:
Осы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Н. Подело тыңдалды, ол Қостанай облысы Денисов ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірді.
Сессия барысында Денисов аудандық мәслихатының депутаттары мәслихаттың тиісті шешімін қабылдауға дауыс берді.
Сессияның трансляциясына сілтеме:
https://www.facebook.com/share/v/1LXZbWKWVr/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/press/news/details/1279674?lang=ru

Жауап қалдыру