Неліктен мүгедектік көбінесе 1 жылға белгіленеді?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиі қойылатын сұрақтардың бірі: неліктен мүгедектік тек бір жылға белгіленеді?

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде диагноздың болуы емес, ауру, жарақат немесе ақау салдарынан туындаған дене функцияларының тұрақты бұзылуы және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесі бағаланады.

Адамның денсаулық жағдайы өзгеруі мүмкін. Емдеуден, операциядан немесе оңалтудан кейін дене функциялары толығымен немесе ішінара қалпына келуі мүмкін, бұрынғы деңгейде сақталуы мүмкін немесе, керісінше, бұзылулар күшеюі мүмкін.

Сондықтан адамның жағдайы мен өмірлік шектеулердің дәрежесі өзгеруімүмкін жағдайларда мүгедектік белгілі бір мерзімге белгіленеді.

Кезекті куәландыру кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары сараптама жүргізу сәтіндегі адамның жай-күйін бағалайды.

 Оның ішінде:

 – дене функцияларының тұрақты бұзылыстары сақталады ма;

– тіршілік әрекетінің шектеулер дәрежесі өзгерді ме;

 – мүгедектік тобын өзгертуге негіз бар ма;

 – мүгедектік мерзімін өзгертуге негіз бар ма;

 – мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына өзгерістер енгізу қажет пе.

Осылайша, қайта куәландыру МӘС жүргізу кезіндегі адам денсаулығының нақты жай-күйін ескере отырып, сараптамалық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Мүгедектік әрқашан бір жылға белгіленбейді.

Мүгедектік мерзімі заңнамада белгіленген өлшемдерге сәйкес айқындалады. Аурудың сипатына, ағза функцияларының бұзылу дәрежесіне, тіршілік әрекетінің шектелуіне және жай-күйінің болжамына байланысты мүгедектік медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында көзделген түрлі мерзімдерге, оның ішінде 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға не қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленуі мүмкін.

Қағидаларда белгіленген негіздер және тиісті критерийлер болған кезде мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленуі мүмкін.

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың негізгі қағидаты-объективтілік, адам ағзасының жай-күйін кешенді бағалау және заңнамада белгіленген өлшемдерге сәйкес шешім қабылдау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1279647?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді