
Жуалы ауданында әлеуметтік осал топтағы тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, электр желілері мен жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану, пештерді қараусыз қалдырмау және өрттің алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, алдағы жылыту маусымында улы газдан уланудың алдын алуға ерекше назар аударылды. Тұрғындарға жылыту пештері мен мұржалардың жарамдылығын алдын ала тексеру, үй-жайларды тұрақты желдету және газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1279640?lang=ru

Жауап қалдыру