Өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Шу қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданында орналасқан «Жамбыл магистралдық желі бөлімшесі филиалының Шу электрмен жабдықтау дистанциясы» мекемесінде өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқиға орнына жедел жету және барлау жұмыстарын жүргізу, күштер мен құралдарды тиімді орналастыру, адамдарды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар өрт сөндіру жетекшісінің өртті басқаруы, жағдай туралы ақпаратты уақтылы жеткізу және байланыс алмасу тәртібін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1279812?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді