
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комитетінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының 35-тармағын іске асыру шеңберінде құрылыс нысандарында мердігерге дейінгі тік бақылау тетігін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған тетік еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға және құрылыс алаңдарындағы келісімшарттық қатынастар аясында тапсырыс берушіден мердігерге дейін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 184-бабының 6-тармағына сәйкес, құрылыс алаңында бір мезгілде бірнеше ұйым тартылған жағдайда, олардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін жалпы үйлестіру бас мердігерге жүктеледі. Осы талаптарды қамтамасыз ету мақсатында бас мердігер мекемелерімен жұмыс жүргізіліп, құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы мен жұмысшыларға жасалған еңбек жағдайлары бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы С. Төлегенов және Атырау облысы Құрылыс басқармасы, құрылыс бөлімінің бас маманы Р. Бекмұханбетов құрылыс аландарыңа бару арқылы мониторинг жүргізді.
Атап айтқанда:
1. Атырау қаласы, Еркінқала шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысында;
2. Атырау қаласында халықаралық талаптарға сәйкес 12 000 көрерменге арналған жаңа стадион құрылысында;
3. Атырау қаласында үш қосалқы станциясы бар жедел медициналық жәрдем станциясының, техникалық қызмет көрсету станциясы мен қосалқы станциялардың бірінде автожуудың құрылысының аумағында вертикалды бақылау өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1279755?lang=ru

Жауап қалдыру