
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде теміржол вокзалы инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бағдарлама 124 теміржол вокзалын қамтиды және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен қолайлылық деңгейін арттыруға, сондай-ақ нысандарды заманауи стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған. Бүгінде қайта жаңғырту жұмыстары 74 вокзалда аяқталды.
Жөндеу жұмыстары вокзал инфрақұрылымын кешенді жаңғыртуды көздейді: ғимараттар мен инженерлік желілерді жаңарту, платформалар мен вокзал маңындағы аумақты реконструкциялау, күту залдарын кеңейту, заманауи қауіпсіздік жүйелерін, лифт пен көтергіш құрылғыларды орнату, сондай-ақ кедергісіз орта қалыптастыру. Тозу деңгейі жоғары нысандарда ескі ғимараттар толықтай бұзылып, олардың орнына жаңа жолаушылар кешендері салынуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kjvt/press/news/details/1279575?lang=ru

Жауап қалдыру