ҚАЗЫҒҰРТТА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ КӨКӨНІС ӨНДІРІСІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс жоспарына сәйкес Қызылқия ауыл округіндегі «Балауса» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Шаруашылық су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында заманауи тамшылатып суару технологиясын енгізіп, 20 гектар егістік алқапта көкөніс өнімдерін өсіруде. Атап айтқанда, қырыққабат, тәтті бұрыш және жартылай ащы бұрыш өндірілуде.
Кәсіпорында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусым кезінде қосымша 30 азаматқа жұмыс орны ұсынылады.
Сонымен қатар, шаруашылық 600 тонна өнім сақтауға арналған заманауи мұздатқыш қойманың құрылысын аяқтаған. Бұл қоймада өндірілген көкөніс өнімдері сақталып, қыс және көктем айларында аудан тұрғындарына және көршілес аудандардың нарығына жеткізілетін болады.
Жобаның негізгі мақсаты – отандық өнім көлемін арттырып, көкөніс бағасын тұрақтандыруға үлес қосу және халықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету.
Қазығұрт ауданында ауыл шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізу, су ресурстарын тиімді пайдалану және жергілікті өнім өндірісін ұлғайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1279744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді