Құрметті зейнет демалысына шығарып салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Облыс әкімі Асхат Шахаров облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Асқар Жүсібалиевке мемлекеттік қызмет саласындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп, құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Өңір басшысы өз сөзінде Аскар Қазиханұлының облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары салаларын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Көп жылғы еңбегі үшін оған облыстың ең жоғары наградасы – «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі табысталды.

Асқар Жүсібалиев мемлекеттік қызмет саласында 40 жылдан астам еңбек етті. Әр жылдары Қобда, Темір және Қарғалы аудандарының әкімі қызметтерін атқарды. Зейнетке шыққанға дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Мерейтой иесі еңбек жолында бірге қызмет еткен әріптестеріне ризашылығын жеткізіп, өңірдің одан әрі дамуына тілектестігін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1279788?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді