Сарысайда жаңа медициналық пункт: ауыл тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді бола түсті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бершүгір ауылдық округіне қарасты Сарысай елді мекенінде тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жаңа медициналық пункт ашылған-ды.

Жаңа нысан «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды.

Жалпы аумағы 138,3 шаршы метрді құрайтын медициналық пункт 300 тұрғынға қызмет көрсетуге арналған. Нысан былтырғы жылы пайдалануға берілді.

Медициналық пунктіде ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар профилактикалық тексерулер, диспансерлік бақылау, медициналық кеңес беру және басқа да қажетті қызметтер қолжетімді.

Нысан қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта анықтама бөлімі, медбике кабинеті, физиотерапиялық ем қабылдау кабинеті, емшара кабинеті, құрал-жабдықтарды сақтауға арналған бөлме, шаруашылық-тұрмыстық бөлме, әмбебап санитарлық бөлме, дезинфекциялық заттарды сақтау бөлмесі және дәріхана қарастырылған.

Медициналық пункт мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де қолжетімді. Ғимаратқа арнайы пандустар орнатылған.

Сарысай медициналық пунктінде 3 штаттық бірлік қарастырылған. Оның құрамында медбике, кіші қызметкер және электрмен жылыту қазандығының жұмысшысы бар.

Жаңа медициналық пункттің ашылуы – ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақындатқан маңызды қадам. Бұған дейін медициналық қызмет алу үшін басқа елді мекендерге жүгінуге тура келген тұрғындар енді алғашқы медициналық көмекті ауылдың өзінен ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1279329?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді