«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-оқыту өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 тамызда Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.А. Исенгельдин Басқарма мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар-оқыту өткізді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын қатаң сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері түсіндірілді. Әрбір қызметкерде «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырудың мемлекеттік қызметке деген сенім мен ашықтықты қамтамасыз етудегі маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметкерлердің дербес жауапкершілігі түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды. Қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1279352?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді