Төлеби ауданында кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы өзге қызметке ауысуына байланысты әріптестерімен қоштасты.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы салаларының өркендеуіне жауапты бағыттарды абыроймен атқарған Бауыржан Қайратұлын әріптестері құрметпен шығарып салды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Бауыржан Қайратұлының ауданның дамуына қосқан еңбегін атап өтіп, оған Алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, ел дәстүріне сай иығына шапан жауып, ақ жол тіледі.
Өз кезегінде Бауыржан Қайратұлы әріптестеріне ризашылығын білдіріп, бірлескен еңбек жылдарындағы қолдау мен сыйластық үшін алғысын жеткізді.
Қызмет ауысқанымен, ел игілігі жолындағы еңбек пен азаматтық жауапкершілік жалғаса бермек. Бауыржан Қайратұлына жаңа қызметінде толағай табыс, абырой биігінен көрінуіне тілектестік білдіреміз!
Жауап қалдыру