Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық
мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2026 жылғы 27 тамыз күні сағат 9:00-де Түркістан қаласында сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы шақырылсын.
Облыстық мәслихат
төрағасы Н. Әбішов
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс
халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясының 2026 жылғы 27 тамызда сағат 9:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (3-қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 27 тамызда сағат 8:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселе:
1.Түркістан облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының өкілеттігін тоқтату туралы.
Облыстық мәслихат
төрағасы Н. Әбішов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/1279943?lang=ru

Жауап қалдыру