ТҮРКІСТАНДА ӘЛІПБЕК ӨСЕРБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ФУТБОЛ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевты еске алуға арналған 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы кіші футболдан Түркістан облысының ашық біріншілігі басталды.
Спорттық шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында футбол спортын кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жас спортшылардың шеберлігін арттыру. Сонымен қатар, ел дамуына еңбегі сіңген азаматтардың өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа үлгі етуге басымдық берілуде.
Әліпбек Шәріпбекұлы еңбек жолын өндіріс саласынан бастап, инженер, экономист, цех бастығы, бас инженер секілді жауапты қызметтер атқарған. Кейін Түркістан қаласының әкімі, Кентау және Түркістан қалалары әкімдерінің орынбасары, облыстық басқарма басшысы және облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметтерінде еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.
Турнир арқылы ардақты азаматтың есімі ұлықталып қана қоймай, жас спортшыларды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, достық пен өзара сыйластыққа тәрбиелеуге мән берілуде.
Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Әліпбек Өсербаевтың немере інісі, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков, сондай-ақ марқұмның әріптестері мен достары сөз сөйлеп, жас футболшыларға сәттілік тіледі.
Тартысты бәсекеге қатысып жатқан жас спортшылар өзара сыйластық пен спорттық тәртіпті сақтай отырып, шеберліктерін шыңдауда. Жарыс Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевтың жарқын есімін ұлықтап, оның елге сіңірген еңбегін жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1279954?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді