
Ұлытау облысында есірткі заттарын заңсыз айналымға жеткізудің өңіраралық арнасының жолы кесілді. Бұл жұмыс “Қарасора – 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілді. Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен өңір тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде жалпы салмағы 38 келі марихуана тәркіленді. Сонымен қатар қос ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілер табылды. Алдын ала мәлімет бойынша есірткі заттары заңсыз айналымға енгізу мақсатында еліміздің оңтүстік өңірлерінен Ұлытау облысына жеткізілген. — Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында есірткінің жеткізілу көзі, тасымалдау жолы және қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталады, — деп атап өтті Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Ербол Қайрбеков. Полиция есірткі заттарын заңсыз жеткізу және өткізу арналарының жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1279588?lang=ru

Жауап қалдыру