
Таратудың салықтық есептілігін ұсыну міндеттемесі аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
таратылатын резидент-заңды тұлғада;
Қазақстан Республикасында қызметі тоқтатылатын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде немесе тұрақты мекемесінде;
қызметі тоқтатылатын резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді дербес төлеуші болып танылған жағдайда, осы құрылымдық бөлімшеде туындайды.
Таратудың салықтық есептілігін ұсыну салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыруға, оның ішінде салықтық тексеру жүргізуге негіз болып табылады. Қызмет оңайлатылған тәртіппен тоқтатылған кезде салықтық тексеру жүргізілмейді.
Таратылатын салық төлеушінің салықтық берешегі оның ақшасы, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған қаражат есебінен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
Қызметі тоқтатылатын резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салықтық берешегі оларды құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.
Егер таратылатын салық төлеушінің мүлкі салықтық берешегін толық өтеуге жеткіліксіз болса, берешектің қалған бөлігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда құрылтайшыларымен (қатысушыларымен) өтеледі.
Маңызды: таратудың салықтық есептілігін ұсынған күннен бастап салықтық әкімшілендіру аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтық және әлеуметтік міндеттемелер туындаған жағдайда, олар белгіленген тәртіппен толық көлемде орындалуға тиіс.
Негіз: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 74 және 75-баптары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1279688?lang=ru

Жауап қалдыру