Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен өңірде есірткі қылмысына және оның көріністеріне қарсы жүйелі түрде қатаң күрес жүргізілуде. Көксу аудандық соты қоғамдық орындарда тыйым салынған интернет-ресурстарды заңсыз жарнамалаумен айналысқан жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарды, ол заңды күшіне енді.
Сот барысында сотталушы К. заңсыз бизнес ұйымдастырушыларымен алдын ала сөз байласып, тыйым салынған ақпаратты тарату жөніндегі қызметтерді атқаруға келіскені анықталды. Ол маркерлерді қолдана отырып, Балпық би ауылындағы қоршауларға, қақпаларға және электр беру желілерінің тіректеріне бақылаудағы интернет-ресурстардың сілтемелері бар граффити-жазуларын салып, соңынан кураторларға координаттар көрсетілген фотоесеп жіберген.
Халықтың денсаулығы мен қоғамдық имандылыққа қарсы жасалған қылмыстың ауырлығын, сондай-ақ істің мән-жайын ескере отырып, сот К.-ны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сатысы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.
Жетісу облысының прокуратурасы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын кез келген нысанда (граффити-жазулар, әлеуметтік желілердегі жазбалар және мессенджерлер арқылы) насихаттау немесе заңсыз жарнамалау ҚР ҚК-нің 299-1-бабыа (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша ауыр қылмыс болып табылатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Есірткі қылмысының жолын кесу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – қадағалау органының басты басымдығы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1279767?lang=ru

Жауап қалдыру