ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘРТІП – АУДАН ӘКІМІНІҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен аудандық аппарат кеңесі өтті.

Кеңестің күн тәртібінде аудан аумағындағы жол белгілерінің жай-күйі мен олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ қаржы саласында атқарылған жұмыстар туралы мәселелер қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Акек баяндама жасады.

Бөлім басшысының айтуынша, аудан аумағындағы жол белгілерінің жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп, бірқvатар учаскелерде ескірген, зақымданған және талапқа сәйкес келмейтін белгілер анықталған. Жыл басынан аудандық полиция бөлімі тарапынан 164 нұсқама берілсе, оның 67-сі жол белгілері мен жол таңбаларына қатысты болған. 2026 жылға жол белгілері мен жол таңбаларын жаңартуға ЖСҚ әзірленіп, мердігермен келісімшарт аясында 50 жол белгісінің 20-сы бүгінгі таңда орнатылған. Қалған белгілерді 1 қарашаға дейін орнату, сондай-ақ 120 шақырым жолға таңба түсіру, жаяу жүргіншілер өткелдері мен стоп-сызықтарды жаңарту жұмыстары жоспарланған.

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов жол белгілерінің жай-күйі жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтіп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Әсіресе мектептер, балабақшалар мен әлеуметтік нысандар маңындағы жол белгілерінің талапқа сәйкестігін қамтамасыз етіп, жол таңбаларын жаңарту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді. Сонымен қатар жол белгілерін түгендеп, олардың техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Одан кейін қаржы саласында атқарылып жатқан жұмыстарды бөлім басшысы Марат Қасым баяндады.

Кеңесті қорытындылаған аудан әкімі қаржы қаражатының тиімді әрі мақсатты игерілуін қамтамасыз етуді, бюджет қаражатының орындалу көрсеткіштерін тұрақты бақылауда ұстауды және белгіленген міндеттердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Аудан әкімі жауапты бөлімдерге берілген тапсырмалардың орындалу барысын жүйелі бақылауды және анықталған мәселелер бойынша нақты нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізуді міндеттеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1279907?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді