15 ТАМЫЗДАН БАСТАП АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА 20 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ЖАЛҒАСАТЫН «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу.

ОПІ аясында полиция қызметкерлері мемлекеттік органдар өкілдерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарында, көпшілік демалатын және балалардың болуы мүмкін орындарда профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Балалардың жол қауіпсіздігіне, кәмелетке толмағандардың қараусыз қалуы мен құқық бұзушылықтарының алдын алуға, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылады.

Ата-аналарды балаларына мұқият болуға және оларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен, ересектердің жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1280713?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді