2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Жыланды округінің  тұрғындары!

2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бастау алды.

Аудан бойынша 5 теміржол тұйықтары және 3 қатты отын қоймасы жұмыс істеп тұр.

Теміржол тұйықтары:

– «Жантере Ырыс» ЖК – 21 500 теңге;
– «Контакт Угле Пром» ЖШС – 22 650 теңге;
– «ВТ ALLIANCE TRADE» ЖШС – 21 000–22 500 теңге;
– «АРС» ЖШС – 21 500–23 000 теңге;
– «ЕРКІН» ЖК – 21 500 теңге.

Алдағы уақытта Қабанбай ауылында 3 қатты отын қоймасы іске қосылады:

– «Кисляков» ЖК;
– «Калажанов» ЖК;
– «Оспанов» ЖК.

Қазіргі уақытта көмір қоры жеткілікті. Күзгі-қысқы кезеңде сұраныстың артуына байланысты көмір сату орындарында кезек көбейіп, қарбалас туындауы мүмкін. Осыған байланысты аудан тұрғындарын қатты отын қорын алдын ала қамтамасыз етуге шақырамыз.

Алдағы уақытта Қабанбай ауылында 3 қатты отын қоймасы іске қосылады:

– «Кисляков» ЖК;
– «Калажанов» ЖК;
– «Оспанов» ЖК.

Қазіргі уақытта көмір қоры жеткілікті. Күзгі-қысқы кезеңде сұраныстың артуына байланысты көмір сату орындарында кезек көбейіп, қарбалас туындауы мүмкін. Осыған байланысты аудан тұрғындарын қатты отынды жаз айларында, яғни тамыз–қыркүйек айларынан кешіктірмей сатып алып, алып кетуге шақырамыз.

Сонымен қатар, «Алакөл Жылу» МКК-да жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Кәсіпорын зертханасына қажетті жабдықтар толық сатып алынып, орнатылды. Сондай-ақ көмір ұсатқышқа қажетті материалдар жеткізіліп, оны монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық округ әкімдіктері арқылы тұрғындарға жылыту маусымы басталғанға дейін қатты отын қорын алдын ала дайындаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындарды жылыту маусымына алдын ала дайындалып, қажетті көмір қорын уақытылы қамтамасыз етуге шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1280421?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді