Ақмола облысының әкімдігінде инклюзивті саясатты іске асыру және жұмыссыз азаматтардың басым санаттарын жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 тамызда Ақмола облысының әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары А.Б.Әміренованың төрағалығымен инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру және жұмыссыз азаматтардың басым санаттарын жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында Тұжырымдама ережелерін іске асырудың өзекті мәселелері, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың басым санаттарына жататын азаматтардың жұмыспен қамтылуына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу шаралары қаралды.

Кеңеске мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері офлайн форматта, сондай-ақ Ақмола облысының аудандары мен қалалары әкімдіктерінің өкілдері бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға Тұжырымдаманы одан әрі іске асыру және жұмыссыз азаматтардың басым санаттарын жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысты күшейту бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1280208?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді