АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев азаматтарды жеке қабылдап, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтар мүгедектікті белгілеу, медициналық-әлеуметтік сараптамадан сырттай өту, сондай-ақ әскери зейнеткерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінді.

Министр әр азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Қолданыстағы заң талаптары мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын түсіндірді.

Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша Асқарбек Ертаев жауапты құрылымдарға азаматтардың мәселесін жан-жақты қарап, заң аясында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

«Азаматтарды жеке қабылдау кезінде олардың мәселесін тікелей тыңдап, нақты қандай көмек қажет екенін түсінуге болады. Әрбір өтініш мұқият қаралуы керек. Азамат өз сұрағына түсінікті әрі толық жауап алуға тиіс», – деді министр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде азаматтардың өтініштерін қарау жұмысы маңызды бағыттардың бірі екені атап өтілді. Жеке қабылдаулар халықпен тікелей байланыс орнатуға, мәселелерді жедел қарауға және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Министрлік мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және азаматтармен тиімді байланысты күшейту бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1280260?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді