
Атырау облысында мал шаруашылығын дамыту және асыл тұқымды мал басын көбейту бағытында мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығын дамытуға 539,8 млн теңге субсидия төленді.
Оның ішінде отандық асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басын сатып алуға 484,6 млн теңге субсидия берілді. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,3 пайызға жоғары.
Мемлекеттік қолдау отандық асыл тұқымды мал басын көбейтуге, шаруашылықтардағы малдың сапалық құрамын жақсартуға және етті мал шаруашылығының өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жұмыстары өңірдегі мал басын сапалы толықтыруға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұрақты дамуына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, өңірде асыл тұқымды ірі қара мал өсіруші шаруашылықтар саны 2025 жылы 143 шаруашылық болса, 2026 жылы 161 шаруашылық болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1280135?lang=ru

Жауап қалдыру