Атырауда ІІО ардагері Дүйсенбай Нысанғалиұлының есіміне көше атауы берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау қаласында Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, ардақты азамат Дүйсенбай Нысанғалиұлының есімі Самал шағын ауданындағы көшеге беріліп, салтанатты түрде ашылды.
🕊️Бұл – елге қызмет еткен ардақты азаматтың есімін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, оның өнегелі өмір жолын насихаттауға бағытталған игі бастама.
👮‍♂️Салтанатты шараға Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Ешманов және ІІО ардагерлері қатысты. Шара барысында сөз сөйлегендер Дүйсенбай Нысанғалиұлының ел тыныштығын сақтауға және ішкі істер органдарының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оның өнегелі өмірі мен қызметтік жолы жас ұрпақ үшін үлкен тағылым екенін жеткізді.
🌟Дүйсенбай Нысанғалиұлы есімі берілген көше – елге адал қызмет еткен ардагердің есімін ұлықтайтын, оның өнегелі жолын еске салатын тағылымды орын болмақ.
Елге еткен еңбек – ұрпаққа өнеге! 🇰🇿

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1280362?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді