Атырауда құс етін өндіретін «Atyrau Chicken» фабрика жұмыс жасайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Өткен жылдың қараша айында іске қосылған бройлерлік бағыттағы құс етін өндіретін «Atyrau Chicken» құс фабрикасы бүгінде толық өндірістік қуатқа шықты. Қуаттылығы жылына 5 000 тонна құс етін өндіруге жететін бұл кәсіпорын Солтүстік Қазақстан тәжірибесі жобасы аясында жүзеге асырылған.
 
Жоба өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Кәсіпорында заманауи технологиялар қолданылып, құстың өсіп-жетілуінен бастап, дайын өнімге дейінгі барлық өндірістік процесс қатаң ветеринарлық және санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
 
Құс фабрикасы іске қосылғалы бері ондаған жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды. Өндірілген өнімдер өңір нарығына және көршілес облыстарға жеткізілуде.
Алдағы уақытта кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып, өнім түрлерін көбейту және қайта өңдеу бағыттарын дамыту жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1280131?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді