«Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз»: Маңғыстау облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы аумағында ағымдағы жылдың тамыз айының 25-27 күндері аралығында «Біз қасыңыздамыз. Бізден сұраңыз» акциясы өткізілуде.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру. Олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту.

Әрбір отбасы мүшесі өз құқықтарын және зорлық-зомбылық үшін заң жүзінде жауапкершілік (әкімшілік және қылмыстық) бар екенін түсінуі тиіс.

Егер сіз немесе сіздің танысыңыз зорлық-зомбылыққа тап болса, бірден мына нөмірлерге хабарласыңыз:
102 — Полиция (Қауіп төнген сәтте жедел шақырту).
111 — Тұрмыстық зорлық-зомбылық және балалар құқығын қорғау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік сенім телефоны (Тәулік бойы, қоңырау шалу тегін).
150 — Балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны.

Дағдарыс орталықтары: Әр қалада жәбірленушілерге уақытша баспана, психологиялық және құқықтық көмек беретін арнайы орталықтар жұмыс істейді.

https://www.instagram.com/p/Dcf5Bd2sjo8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1280437?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді