ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – БАТЫРЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2021 жылдың 26 тамызында Байзақ ауданындағы қайғылы оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен – Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигі Александр Николаевич Микропуло. Азаматтық қорғау органдарында 1995 жылдан бері қызмет атқарған Александр Николаевич өмірінің 26 жылын ел қауіпсіздігіне арнады. Талай төтенше жағдайдың ортасында жүріп, құтқару бөлімшелерінің жұмысына басшылық етті, адамдардың өмірін арашалауға бар күшін салды. Соңғы кезекшілігінде өз міндетін соңына дейін атқарып, оқиға орнында ерлікпен қаза тапты. Артында әке жолын жалғастыруды мақсат еткен ұлы қалды. Александр Николаевичтің есімі – елге қызмет етудің, азаматтық борышқа адалдықтың және адам өмірін қорғау жолындағы ерліктің жарқын үлгісі болып қала береді. Батырдың аты өлмейді… @112jambyl

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1280400?lang=ru