ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – БАТЫРЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2021 жылдың 26 тамызында Байзақ ауданында болған жарылыс кезінде қызметтік борышын атқарып, қаза тапқан батырлардың бірі – азаматтық қорғау сержанты, Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Тәңірберген Құдайбергенұлы Төребеков. 2004 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен Тәңірберген өз ісіне адалдығымен, кәсіби білімімен және батылдығымен әріптестерінің құрметіне бөленді. Ол үшін құтқарушы қызметі – жай ғана жұмыс емес, адам өміріне араша түсу жолындағы қасиетті міндет еді. Оның ерлігі талай мәрте сын сағатта көрінді. 2018 жылы Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде ондаған адамды, соның ішінде балаларды құтқаруға атсалысты. Сондай-ақ 2019 жылы тұрғынүй кешеніндегі жарылыс орнына алғашқылардың бірі болып жетіп, тұрғындарды құтқару және жүзден астам адамды эвакуациялау жұмыстарына зор үлесін қосты. Ал артында қалған үш ұлы мен әкесі ерлікпен қаза тапқаннан кейін дүниеге келген қызы үшін ол – сәби жүрегінде мәңгі тұратын алып қорған. Батырдың аты өлмейді… @112jambyl

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1280463?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді