ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – БАТЫРЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жанибек Турманов – офицер болуды армандаған, сол мақсатына нық қадам басқан жас маман еді. 2021 жылдың 26 тамызында Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс кезінде ауыр жарақат алып, өмір үшін ұзақ уақыт күресті. Алайда 11 қыркүйекте Астана қаласында көз жұмды. Санкт-Петербургтегі Өртке қарсы қызмет университетін сол жылы тәмамдаған Жанибек әріптестері арасында жайдары мінезі, батылдығы және кәсібіне адалдығымен есте қалды. Көрсеткен ерлігі қаза болғаннан кейін де лайықты бағаланып, Жанибек Турмановқа азаматтық қорғау лейтенанты атағы берілді. Артында әкесінің есімін мақтанышпен алып өсіп келе жатқан ұлы Алихан мен қызы Альмира қалды. Батырдың аты өлмейді… @112jambyl

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1280491?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді