
Елдос Қадырбайұлы Сандыбаев азаматтық қорғау саласында 2013 жылдан бері қызмет атқарып, өз ісін кәсіби деңгейде меңгерген маман ретінде танылды. Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы ретінде талай күрделі шақыртуда қызмет етті. Оның әріптестері Елдосты ашық-жарқын болмысымен, адамға деген ілтипатымен және қызметке берік ұстанымымен еске алады. Құтқарушы үшін ең маңыздысы – қиын сәтте міндетін мінсіз атқару болса, Елдос осыны өз қызметімен көрсете білді. 2021 жылдың 26 тамызында Байзақ ауданындағы жойқын жарылыс кезінде Елдос Қадырбайұлы оқиға орнына барған құтқарушылардың қатарында болды. Қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан ол соңғы сәтіне дейін өз міндетінен шегінбеген, азаматтық антына адал от жауынгері. Батырдың аты өлмейді… @112jambyl
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1280485?lang=ru

Жауап қалдыру