
2021 жылғы Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасындағы қайғылы оқиға мәңгілік тарих беттерінде қалды. Жойқын жарылыс кезінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мейіржан Көпбосынұлы Айманов қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты. Мейіржан Айманов азаматтық қорғау органдарында 1995 жылдан бастап қызмет етіп, кәсіби білімі мен тәжірибесін ел қауіпсіздігіне арнаған тұлға. Ірі өрттерді сөндіру, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып, білікті маман әрі жауапты басшы ретінде өз қатарластарына үлгі болды. Ол қызметте — ел қауіпсіздігін қорғаған білікті маман, ал отбасында — бес баласына сүйеніш болған қамқор әке еді. Оның ерлігі — ел қауіпсіздігі жолында жасалған жанқиярлықтың жарқын көрінісі. Батырдың аты өлмейді…
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1280378?lang=ru

Жауап қалдыру