Ерлікке тағзым: ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті қаза тапқан қызметкерлерді еске алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті 2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде орын алған жойқын жарылыс салдарынан қаза тапқан әріптестерді еске алды. Бейбіт күнде өзгелердің өмірін арашалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қаза тапқан 10 азаматтың ерлігі – ел үшін қашанда өшпес өнеге, ұмытылмас қаһармандық. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Комитет ұжымы бір минуттық үнсіздік жариялап, марқұмдардың рухына терең тағзым етті. Сенімге адалдық, қызметтік міндетке жауапкершілік пен биік қайсарлық көрсеткен бұл азаматтардың есімі мен өнегелі ісі мемлекетіміздің тарихында және халықтың жадында мәңгі сақталады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1280202?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді