Федералдық округ үкіметі Елшіліктің қызметіне жоғары баға берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бразилиа, 2026 жылғы 26 тамыз Бразилия астанасының Федералдық округі үкіметінде Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповтің Федералдық округ вице-губернаторы, халықаралық мәселелері жөніндегі хатшы Пако Бриттомен кездесуі өтті.

Қазақстан Елшісі кездесу барысында сұхбаттасын елде жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқару саласындағы реформалармен, сондай-ақ бір палаталы Құрылтайға өткен парламенттік сайлаудың қорытындылары аясында Қазақстанның саяси жүйесінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістермен таныстырды.

Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, екі мемлекеттің астаналары арасындағы ықпалдастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Бразилия тарапы кездесу барысында Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің белсенді және бастамашыл дипломатиялық қызметіне жоғары баға берді. Атап айтқанда, Хатшы Пако Бритто Елшіліктің тиімді қызметін және екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мен кеңейтуге, сондай-ақ Федералдық округ қауымдастығын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Кездесу соңында Федералдық округ губернаторы Селина Леон ханымның атынан Елші Болат Нүсіповке елордадағы белсенді дипломатиялық қызметі және Федералдық округпен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Алғыс сертификаты салтанатты түрде табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1280702?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді