
Лепсі ауылындағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Лепсі ауылындағы жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралып, жағдайымен танысты.
Лепсі ауылында су құбыры 2025 жылы өтпелі кезеңмен басталған.
Жоба аясында магистральдық және тарату желілерінің 35 шақырым құбыры толық тартылып, монтаждау жұмыстары атқарылды.
Бүгінге 690 құдықтың 630 – ы орнатылып, 89 пайызға орындалды.
440 үйдің 230-на абоненттік су желісі тартылды.
Қоршау орнату жұмыстары 95 пайызға, бақылау-өткізу пунктінің құрылысы 90 пайызға аяқталды.
Мердігер: “Сапа құрылыс” ЖШС. Құрылыс нысанында 50 жұмысшы мен 7 арнайы техника жұмылдырылған.
Нысанды толық аяқтау мерзімі – 2026 жылғы 30 қыркүйек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1280616?lang=ru

Жауап қалдыру