МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛЫП, МІНДЕТТЕР НАҚТЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛЫП, МІНДЕТТЕР НАҚТЫЛАНДЫ
 
Жетісай ауданында әлеуметтік-экономикалық салалардағы жұмыстарды саралап, өзекті мәселелерді пысықтау және алдағы міндеттерді нақтылау мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.
 
Мәжілістің күн тәртібінде ауыл шаруашылығы, білім беру, кәсіпкерлікті қолдау, абаттандыру, тұрғын үймен қамту, жол қауіпсіздігі және аудан бюджетінің орындалуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
 
Алдымен аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Сұңғат Амангельдиев мақта дақылының күзгі жиын-терім науқанына дайындық барысы туралы баяндады. Егістік алқаптарындағы жұмыстардың ұйымдастырылуы, шаруалардың науқанға дайындығы және жиын-терім кезінде туындауы мүмкін мәселелер талқыланды.
 
Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің басшысы Толқын Айгенжиева жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығы жөнінде ақпарат берді. Білім нысандарының әзірлігі, оқу процесін талапқа сай ұйымдастыру және оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударылды.
 
Мәжілісте «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ұсынылатын жобалар мен қала, кент және ауылдық округтерде өндірістік парктер құру жұмыстары да қаралды. Бұл бағыт бойынша аудан әкімінің орынбасары Айдос Исмаилов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаса, аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды түгендеу жұмыстары, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына арналған жол белгілерінің жағдайы жөнінде мәлімет берді.
 
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков аудан бюджетінің кірісі мен шығысының орындалу барысына тоқталып, бюджет қаражатын тиімді игеру мен жоспарланған көрсеткіштердің орындалуына қатысты ақпарат ұсынды.
 
Жиын барысында бірқатар кемшіліктер ашық айтылып, оларды жою бойынша ұсыныс-пікірлер талқыланды. Аудан әкімі Серік Үсенұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімдерін белгіледі. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасына тікелей қатысты екені, тапсырмалардың орындалуын бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1280028?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді