Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (АОЖБ) – мүгедектігі бар адамның жеке қажеттіліктері негізінде оны оңалтуды жүргізудің нақты көлемдерін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат.

​Абилитациялау – мүгедектігі бар адамдарда тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені.

​Оңалту (реабилитациялау) – мүгедектігі бар адамның тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік және өзге де қызметке қабілеттілігін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.

​АОЖБ-ны әзірлеуді медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары жүзеге асырады.

​АОЖБ-ны әзірлеу кезінде ағза функцияларының бар бұзылыстары мен өмір сүру әрекетінің шектелуі ескеріледі.

​АОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу кезінде оңалту әлеуеті мен болжам, оңалтудың техникалық құралдарына және әлеуметтік қызметтерге қажеттілік, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер бағаланады.

​АОЖБ-ның кәсіптік бөлігі мүгедектігі бар адамның кәсіптік және еңбек қызметіне жәрдемдесуге бағытталған.

​АОЖБ көзделген іс-шараларды іске асыру мерзімдері көрсетіле отырып, мүгедектік белгіленген мерзімге әзірленеді.

​Егер мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайы немесе оның қажеттіліктері өзгерсе, заңнама қайта куәландыру жүргізуді және АОЖБ-ны түзетуді көздейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1280324?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді