
Мүгедектікті белгілеу Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің нормаларына және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес күндізгі және сырттай проактивті куәландыру арқылы жүзеге асырылады.
Сырттай проактивті куәландыру онкологиялық аурулар, барлық локализациядағы туберкулез, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар, психикалық аурулар, балалардағы бірінші типті қант диабеті, балалардағы мукополисахаридоз, ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі жағдайлар, шынайы гидроцефалия, бір немесе одан да көп аяқ-қолдың тұрақты айқын салдануы немесе терең парезі және басқалары сияқты бірқатар нозологиялық нысандар бойынша жүргізіледі.
031/е нысаны медициналық ұйымдардан МӘС бөлімдеріне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы түседі.
Сараптама жүргізуге арналған құжаттар иесіздендірілген түрде жіберіледі. Бұл сарапшылар ұсынылған материалдардың нақты кімге және қай өңірге тиесілі екенін білмейді дегенді білдіреді. Мамандар мүгедектік тобын белгілеу бойынша шешім қабылдап қана қоймай, мүгедектігі бар адам үшін абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын да әзірлейді.
Сырттай куәландыруға көшудің оң жақтары:
– қызмет алушының МӘС бөлімдеріне бармай, тек медициналық ұйымға жүгінуі, МӘС-ке өтініш смс-хабарлама арқылы беріледі.
– адамдарға, әсіресе облыстың шалғай аудандарында тұратындарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
– әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
– МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
– мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;
– қызмет алушының қызмет берушімен тікелей байланысын болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша сырттай куәландыру бойынша барлығы 72,6 мыңнан астам өтінім қаралды, бұл көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 46,9 %-ын құрайды.
Сырттай проактивті куәландыру кезінде жоғары медициналық білімі бар медициналық ұйымдардың жұмыс істеп жүрген дәрігерлері болып табылатын МӘС тәуелсіз сарапшылары қатысатынын атап өткен жөн.
Сарапшының тәуелсіздігі оның бейтараптылығы мен мүдделі еместігін білдіреді.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тізілімге медициналық-әлеуметтік сараптаманың 79 тәуелсіз сарапшысы енгізілді (2025 жылы — 72 сарапшы), бұл мамандар пулының кезең-кезеңімен кеңейтіліп жатқанын көрсетеді және мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен уақтылы көрсетілуін арттыруға бағытталған. 2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары 60 617 сараптамалық шешім шығарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/lspm/press/news/details/1280275?lang=ru

Жауап қалдыру