
Ағымдағы жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев облыстық «Qyzylorda TV» телеарнасының “Өзекжарды” бағдарламасында «Өз құқығыңызды білесіз бе?» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді.
Сұхбат барысында, Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтары, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің міндеттері және елімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттармен таныстырып өтті.
Сонымен қатар, жаңа Конституцияда адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалғанын атап өтіп, бұл қағидат құқықтық мемлекеттің негізгі бағытын айқындайтынын жеткізді. Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке өмірге қол сұқпаушылық кепілдіктері, Конституцияда бекітілген «Миранда қағидасының» құқықтық маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар
https://youtu.be/2jC7YeDB66c?si=tZ745RQNC5biWnHT
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1280544?lang=ru

Жауап қалдыру