
23 тамыз – Құрылтай сайлауына орай Отырар ауданында тұрғындарға арналған арнайы жәрмеңке өтті.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері мен жергілікті тауарлар ұсынылып, тұрғындарға қажетті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалды.
Арнайы ұйымдастырылған шара сайлауға келген аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Бүгінгі маңызды саяси науқанда Отырар ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, өз азаматтық таңдауын жасауда.
Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Әр азаматтың белсенділігі мен таңдауы елдің болашағын айқындауға өз үлесін қосады.
Бірлік пен белсенділік – ел болашағының берік негізі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1280030?lang=kk

Жауап қалдыру