
Полиция қызметі – бұл тек қылмыскерлерді ұстау, тергеу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес. Бұл қызметтің артында күн сайын жоғары эмоционалдық жүктемеге тап болатын адамдар тұр. Полиция қызметкерлерінің психологиялық тепе-теңдігін сақтауға көмектесу – Алматы облысы Полиция департаментінің аға инспектор-психологы Талғатқызы Маликаның басты міндеттерінің бірі.
Ол ішкі істер органдарында 2023 жылдан бері қызмет атқарады. Медициналық және жоғары психологиялық білімі бар. 2015 жылы медициналық колледжді, ал 2021 жылы А. Қуатбеков атындағы университетті «Психология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Оның жұмыс күні қызметкерлердің психологиялық жағдайын бағалаудан, жеке консультациялар өткізуден және профилактикалық жұмыстардан басталады. Кейде дер кезінде жүргізілген қарапайым әңгіме адамның шаршауын, эмоционалдық күйзелісін немесе ішкі алаңдаушылығын уақытында байқауға мүмкіндік береді.
«Жұмыста адамды тек тыңдау емес, оны түсіну де маңызды. Әр қызметкер әртүрлі жағдайға тап болады. Сондықтан әрқайсысына жеке тәсіл қажет», – дейді Малика Талғатқызы.
Полиция психологының еңбегі көп жағдайда сырт көзге байқала бермейді. Мұнда даңғаза ұстаулар мен қуғын-сүргін жоқ. Бірақ күн сайын өзгелерге көмек көрсетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлерге қолдау көрсету бар.
Полиция психологының бір күні – әңгіме, қолдау, назар және жеке құрамның психологиялық жағдайына деген жауапкершіліктен тұрады.
Өйткені кәсібилік адамның ішкі тұрақтылығынан басталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1280706?lang=ru

Жауап қалдыру